"Чипсы" диетасына отырған әйел қайтыс болды

15 Қаңтар 2020, 21:07
2209
Бөлісу:
"Чипсы" диетасына отырған әйел қайтыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ағылшынның Уинчестер қаласында екі баланың анасы қуырылған қытырлақ картопқа (чипсы) негізделген диетадан көз жұмды. Әйел көкөністерді ешқашан жемеген, тез әзірленетін фастфудпен тамақтанған. Чипсы және наггетстермен ауқаттанғанды артық көрген. Бұл туралы Daily Mail басылымының сайтында хабарланды. 

Шарлотта Брод бала кезінен бастап чипсы, тауық етінен жасалған наггетстер, крекер және басқа да фастфудпен тамақтануды жөн көрген. Оның үстіне, әйел ешқашан көкөністерді жеген емес. Таңдамалы тамақтанудың бұзылуына байланысты осындай рационға көшуі мүмкін.

Қыздың ата-анасы бұл аурумен күресуге тырысып баққан. Алайда олардың әрекеттері сәтсіз болды. Тіпті Брод жүктілік кезінде де кеңінен тек қуырылған картоп жеп, газдалған су ішкен. 

Британиялық әйел емханаға барып дәрігерлердің көмегіне жүгінген екен. Бірақ дәрігерлер оған көмектесе алмады. 2019 жылы мамандарға барып қаралған кезде, олар егер диетасын өзгертпесе, өлетінін айтқан екен. 

Броддың денсаулығы күрт төмендеп, жағдайы қиындай түскенде оның сүйіктісі әйелді емделуге көндірген. Шарлотта Брод үш аптадан кейін 32 жасында толыққанды тамақтанбаудан қайтыс болды.

Өзгелердің жаңалығы