Чиншанлоның бапкері: Көптен бері жарысқа қатыспағандықтан, нәтиже бүгінгідей болды

26 Шілде 2021, 21:04
2966
Бөлісу:
Чиншанлоның бапкері: Көптен бері жарысқа қатыспағандықтан, нәтиже бүгінгідей болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан қоржыны Олимпиада ойындарында тағы бір қола жүлдемен толықты. Үшінші қола медальді қазақстандық ауыр атлет Зульфия Чиншанло ұтып алды. 

Осыған орай, жарыстан кейін ауыр атлетикадан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Бақыт Ахметов Olympic.kz сайтына Зульфияның жаттығуын қорытындылады. 

Бұл ауыр атлетикадан қоржынымыздағы екінші қола жүлде. Әрине, бұдан да жоғары жетістікке жетуді қаладық. Себебі жаттығу барысында бұдан жоғары салмақты бағындырып жүрген болатын. Көптен бері жарысқа қатыспағандықтан, нәтиже бүгінгідей болды деп ойлаймын. Жалпы барлығы жақсы. Төрешілерге тағатын айып та жоқ. Зульфия зілтемірді көтергенде қателікке бой алдырды. Болашақта осыны ескеріп, ұсақ қатемен жұмыс істейтін боламыз, - дейді бас төреші Бақыт Ахметов.

Өзгелердің жаңалығы