Чили радиосында Димаштың әндері бір ай бойы шырқалады

5 Маусым 2023, 22:03
1405
Бөлісу:
Чили радиосында Димаштың әндері бір ай бойы шырқалады
Фото: Dimashnews.com

Чилидің танымал MIX TV радиосының эфирінде Димаш Құдайбергеннің композициялары маусым айы бойы шырқалатын болады, деп хабарлайды BAQ.KZ dimashnews.com сайтына сілтеме жасап.

Чили радиостанциясында қазақстандық әншіге арналған алғашқы эфир өткен жұмада – 2 маусымда өтті. Бұл Dimash Latin Dears фан-клубының еңбегінің арқасында мүмкін болды.

Енді Димаш Құдайбергеннің композициялары маусым айы бойы күн сайын таңғы 7-ден 10-ға дейін эфирге шығады.

Біз Димаштың әндері Чили радиосында ұзақ уақыт бойы шырқалатынына өте қуаныштымыз! Сонымен қатар Димашқа арналған бағдарламада тек әндер ғана емес, Dears-тің құттықтаулары мен әртістің шығармашылық өмірбаяны баяндалады! – деп бөлісті Dimash Latin Dears.

Өзгелердің жаңалығы