Чемпиондар лигасының жеребе тарту рәсімі өтті

26 Тамыз 2022, 12:22
1462
Бөлісу:
Чемпиондар лигасының жеребе тарту рәсімі өтті

Түркияның Ыстамбұл қаласында Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне арналған жеребе тарту рәсімі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ  Elorda.info сілтеме жасап.

Жеребе тарту рәсіміне 32 команда қатысты. Олардың ішінде топтық раундқа тікелей шығып қойған 26 клуб пен іріктеу ойындары арқылы жеткен алты команда болды.

Барлық топтың құрамдары:

А тобы: "Аякс", "Ливерпуль", "Наполи", "Рейнджерс"

B тобы: "Порту", "Атлетико", "Байер", "Брюгге"

С тобы: "Бавария", "Барселона", "Интер", "Виктория Пльзень"

D тобы: "Айнтрахт", "Тоттенхэм", "Спортинг", "Марсель"

E тобы: "Милан", "Челси", "РБ Зальцбург", "Динамо Загреб"

F тобы: "Реал", "РБ Лейпциг", "Шахтер", "Селтик"

G тобы: "Манчестер Сити", "Севилья", "Боруссия Дортмунд", "Копенгаген"

H тобы: ПСЖ, "Ювентус", "Бенфика", "Маккаби Хайфа"

Турнирдің 1/8 финалына әр топтың екі үздік командасы шығады

Үшінші орын алған командалар Еуропа лигасының өтпелі ойындарына қатысады. Ол клубтар Еуропа лигасының топтық кезеңінде екінші орын алғанда командалармен 1/8 финалының жолдамасын сарапқа салады.

Чемпиондар лигасының бірінші туры 6/7 қыркүйек күндері өтеді.

Өзгелердің жаңалығы