Чемпиондар лигасының финалы Санкт-Петербургтен Парижге ауыстырылды

25 Ақпан 2022, 21:27
1435
Бөлісу:
Чемпиондар лигасының финалы Санкт-Петербургтен Парижге ауыстырылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. УЕФА басшысы Ресейдің Санкт-Петербург қаласындағы «Газпром Аренада» өтуі тиіс Чемпиондар лигасының финалын Парижге ауыстырды, деп жазды Хабар24.

Енді финал 28 мамырда Франция астанасындағы «Стад де Франс» стадионында өтеді. Мұндай шешім Ресей мен Украина арасындағы жағдайға байланысты қабылданып отыр. Бұл туралы одақтың баспасөз қызметі хабарлады. 

УЕФА-ның атқарушы комитеті финалды өткізетін орынды ауыстыру мәселесін қарау үшін шұғыл отырыс өткізген еді.

Өзгелердің жаңалығы