Чемпиондар лигасы: “Реал” мерсисайдтықтарды тағы жеңді

16 Наурыз 2023, 09:20
875
Бөлісу:
Чемпиондар лигасы: “Реал” мерсисайдтықтарды тағы жеңді
Фото: ua-football.com

Чемпиондар лигасының 1/8 кезеңінде «Реал Мадрид» пен «Ливерпульді» жеңіп, ширек финалға жолдама алды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ливерпуль сенсация жасай алған жоқ. Мадридте мерсисайдтықтар жауапсыз үш гол салу керек еді, алайда бұл жолы да жеңіліске ұшырады. Алаңда Реал мен Ливерпуль ашық ойын көрсетіп, бір-біріне жиі шабуыл жасады. Бірақ матчтың бірінші таймы голсыз өтті.

Екінші таймда Реал шабуылын жиілете түсті. Өзіне берілген мүмкіндіктерді тиімді пайдаланды. Алаң иелері Ливерпульдің шабулын тойтарып қоймай, матчтың 79 минутында гол салып кетті. Гол авторы - Карим Бензема.

Осылайша «Реал» өз алаңында «Ливерпульді» 1:0 есебімен жеңіп, қос ойын қортындысы бойынша 6:2 есебімен жеңді. 

Өзгелердің жаңалығы