Чехия Премьер-министрі: Қазақстан – біздің Орталық Азиядағы негізгі серіктесіміздің бірі

24 Сәуір 2023, 14:08
715
Бөлісу:
Чехия Премьер-министрі: Қазақстан – біздің Орталық Азиядағы негізгі серіктесіміздің бірі
Фото: Артём Чурсинов

Чехияның Премьер-министрі Петр Фиала Қазақстанмен өзара ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті екенін айтты, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Чехия Үкімет басшысының айтуынша, екі ел арасындағы негізгі бағыттың бірі - энергетика. Ол бұл салада Чехияның тәжірибе бөлісуге дайын екенін алға тартты.

Біз ынтымақтастықтың әртүрлі бағытын көріп отырмыз. Ресейдің және Украина арасындағы қақтығыстан кейін біз өзіміздің ынтымақтастығымызды кеңейте аламыз. Чехия республикасы ауыр металлургия, машина жасау саласында танымал. Біз өзіміздің жоғары технология өнімдеріміздің тізбесін кеңейттік. Олар инжиниринг, машина жасау, IT технологияларды, киберқауіпсіздікті қамтиды, - деді Петр Фиала.

Чехия Премьер-министрі Петр Фиаланың сөзінше, бүгінгі таңда бизнес серіктестік, сонымен қатар халықаралық сауда-саттық өте маңызды.

Біз қазір соғыс жағдайында өмір сүріп жатырмыз. Сондай-ақ қауіпсіздіктің жетіспеушілігі, жеткізілімдер тізбегінің әртараптануы секілді бағыттардың маңызы күннен күнге артып келе жатыр. Бизнестің алуан түрлілігі қаншалықты маңызды екенін көрсетіп отыр, - деп атап өтті Петр Фиала.

Өзгелердің жаңалығы