Жасанды интеллекті арқылы жұмыс істейтін ChatGPT чат-боты бүкіл әлемде істен шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
ChatGPT – жасанды интеллектке негізделген әлемдегі ең танымал чат-боттардың бірі. Ол виртуалды көмекші, кеңесші, мәтін жазу құралы, сұхбаттасушы ретінде кеңінен қолданылады. Қазақстанда бұл сервис әсіресе студенттер, журналистер, кәсіпкерлер мен ІТ мамандар арасында сұранысқа ие.
Downdetector сервисіне сәйкес, сәтсіздік туралы хабарламалар күні бойы Ұлыбритания, Германия, АҚШ Норвегия, Польша, Франция, Нидерланды, Үндістан, Қазақстан, Ресей және басқа елдерден жаппай келіп түсіп жатыр.
Шағымдар әртүрлі: қызметті жай аша алмаудан бастап, сұрауларға жауап бермеуге немесе кейбір құралдармен жұмыс істемеуге дейін.


Хабар ағынындағы қате. Біздің команда осы мәселе бойынша жұмыс істейді. Есептеріңіз үшін рахмет, - деп жауап берді OpenAI өкілдері пайдаланушылардың пікірлеріне.
Еске салсақ, ChatGPT Қазақстанда салық төлей бастағаны туралы бұған дейін хабарлаған болатынбыз.