БЖЗҚ ел азаматтарына ескерту жасады

16 Қыркүйек 2024, 21:45
386
Бөлісу:
БЖЗҚ ел азаматтарына ескерту жасады
Фото: архив

16 қыркүйекте Бірыңғай зейнетақы жинақтаушы қоры (БЖЗҚ) алаяқтар туралы ескертіп, салымшыларға ескерту жасады. Мамандар алаяқтардың қордың атынан хабарласып, ел азаматтарына жалған ақпарат таратып жатқандығын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Құрметті "БЖЗҚ" АҚ салымшылары! Соңғы уақытта біздің қордың салымшыларына қатысты алаяқтық әрекеттер орын алуда. Күннен-күнге әртүрлі жаңа сценарийлер ойлап табылуда, – делінген БЖЗҚ-ның ескерту хабарламасында.

Сондай-ақ қордағылар белең алған алаяқтық түрінен де мынандай бірер мысал келтіреді:

2024 жылы 3 қыркүйекте "БЖЗҚ" АҚ облыстық филиалдарының біріне көп ұйымдардың бірінің есепшісі транзиттік шоттардың бұғатталуына байланысты компания қызметкерінің зейнетақы шотын бұғаттау туралы ақпаратпен "Қор қызметкерінен" қоңырау шалынғаны туралы хабарламамен жүгінді. Бұғаттауды жою үшін есепшіге "сот орындаушысымен" туындаған мәселені шешу үшін хабарласу керектігі туралы талап қойылады. "Сот орындаушысы" өз кезегінде есепшіге берешек соманы өзі көрсеткен шотқа аударуды ұсынады. Бұл әрекет орындалмаған жағдайда компанияға зейнетақы жарналарын уақытылы аудармағаны үшін айыппұл салынатыны ескертіледі. Өз кезегінде "БЖЗҚ" АҚ филиалының қызметкерлері бұл жағдайды саралағаннан кейін, есепшіге ақша жібермеу туралы кеңес берді, - деп жазды қордан.

Қордың қауіпсіздік департаменті тиісті ақпаратты алғаннан кейін қоңырау шалынған ұялы телефондардың нөмірлерін тексерді. Ашық көздерден бұл нөмірлер "И. Ю." деген бөтен біреудің атына тіркелгені және "алаяқтық" деп белгіленгені анықталды.

Қор мен оның филиалдары туралы статистикаға сүйене отырып, соңғы кездері алаяқтардың азаматтарды телефон байланысы арқылы алдаудың жаңа амалдарын ойлап тапқандары белгілі болды. Себебі, телефон қоңыраулары - күтпеген жерден кездейсоқ болған оқиғадан әбігерге түскен адамнан құпия ақпаратты алудың немесе оны алаяқтың шотына ақша аударуға мәжбүрлеудің ең көп таралған тәсілдерінің бірі.

Жоғарыдағы жағдайларды ескерсек, БЖЗҚ қызметкерлерінен күдікті қоңыраулар, SMS және мессенджерлер арқылы хабарламалар түскен жағдайда төмендегіні есте сақтауды ұсынамыз:

  • зейнетақы жарналарын төлеудің толықтығы мен мерзімділігін "БЖЗҚ" АҚ емес, салық органдары бақылайды;
  • БЖЗҚ қызметкерлері ешқашан қаражатты белгілі бір шоттарға аударуды талап етпейді және дербес немесе өзге де деректерге сұрау салмайды.
Өзгелердің жаңалығы