БЖЗҚ сайтында жинақтан шешіп алуға болатын соманы есептейтін тетік пайда болды

5 Қаңтар 2021, 12:15
4422
Бөлісу:
БЖЗҚ сайтында жинақтан шешіп алуға болатын соманы есептейтін тетік пайда болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Зейнетақы қоры сайтында жеке кабинетте емделуге немесе тұрғын үй сатып алуға алуға болатын сома көрсетілген жаңа «терезе» пайда болды.

Сондай-ақ жеке кабинетте өзіңіздің «жеткіліктілік шегіңізді» (шотта қанша қаражат қалуы тиіс, әрбір жас санаты үшін ол әр түрлі) және ЖТС төлемін ескере отырып алуға болатын қаражат сомасын (егер сіз оны бірден төлеу қажет деп есептесеңіз) білуге болады.

Айта кетейік 23 желтоқсанда Парламент «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы заң жобасын қабылдаған болатын. 

Заң бойынша азаматтардың зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй сатып алу және ем үшін пайдалану құқығы белгіленеді. Аталған заң Президентке қол қоюға жіберілген еді.

2 қаңтар күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев аталған заңға қол қойды.
Өзгелердің жаңалығы