БЖЗҚ-дағы артық қаражатты келесі жылдан бастап «Отбасы банкке» аударуға рұқсат етіледі

6 Желтоқсан 2021, 15:10
1262
Бөлісу:
БЖЗҚ-дағы артық қаражатты келесі жылдан бастап «Отбасы банкке» аударуға рұқсат етіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ИИМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің баспасөз қызметі хабарлады. Ведомство өкілдерінің айтуынша, БЖЗҚ-дағы артық қаражатты келесі жылдан бастап «Отбасы банкке» аударуға болады.

Комитет салымды толықтырудағы бұйрық өзгерістерінің әзірлеушісі болып отыр. Келісу кезінде Еңбек министрлігі құжатты қайта қарауға қайтарған.

«Ұлт жоспарының» «Тұрғын үй қатынастары туралы» 103-тармағына сәйкес төлемдерді толықтыру бөлігіндегі бұйрыққа өзгерістер енгізуді әзірлеу бізге тапсырылды. Жоба өзге қызығушылық танытқан мемлекеттік органдардың келісімінен өтеді. Өз кезегінде олар да ескертулер мен ұсыныстарын енгізе алады. Осыған байланысты жоба Еңбек министрлігіне қатысты бөлігін қайта қарау үшін қайтарылды. Қазіргі сәтте біз аталған жобаны әрі қарай жылжыту үшін қызығушылық танытқан мемлекеттік органдармен ортақ келісімге келдік, – деп атап өтті комитеттің баспасөз қызметі.

Айта кететін жайт, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауында БЖЗҚ-дағы зейнетақы қаражатының артық қаражаттарын тұрғын үй депозитіне аудару туралы айтқан еді. Ел тұрғындарына баспана алу үшін зейнетақы жинағының жеткіліктілік шегінен асқан бөлігін «Отбасы банктегі» шотқа аударуға рұқсат етілетіндігі хабарланды.

Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын қолдану бойынша бастаманың оң қарқынын байқадым. Бұл үрдісті қолдау үшін тұрғын үй сатып алу үшін «Отбасы банк» шотына жеткіліктілік шегінен асқан зейнетақы жинағының бір бөлігін аударуға рұқсат ету қажет деп санаймын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы 1 қыркүйектегі Жолдауында.

Мемлекет басшысының Жолдауына сәйкес, халықтың зейнетақы салымдарын БЖЗҚ-дан «Отбасы банкіндегі» депозитке аудару нормасы 2022 жылдың қаңтарына белгіленген.

Өзгелердің жаңалығы