Бюрократиядан арылу саяси модернизация жолындағы маңызды қадам – Еркін Тұқымов

14 Сәуір 2022, 16:12
4225
Бөлісу:
Бюрократиядан арылу саяси модернизация жолындағы маңызды қадам  – Еркін Тұқымов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры Еркін Тұқымов Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың  мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту туралы Жарлығына қатысты пікір білдірді.

Қазіргі заманға сай  мемлекет цифрландырудың қолжетімді ресурстарын барынша пайдалануы керек. Жаһандық өзгерістер кезінде мемлекетте мүмкіндігінше тез шешім қабылдануы тиіс. Құжаттар мен қағазбастылық уақыт пен ресурстарды алады. Бұл тұрғыда дебюрократизация қажетті және тиімді шара болып табылады. Мұндай процестерді автоматтандырусыз және цифрландырусыз жүзеге асыру мүмкін емес, - дейді ол.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттік аппарат қызметін  бюрократиядан арылту туралы Жарлығы саяси жаңғыру жолындағы маңызды қадам.

Еліміз электронды құжат айналымын, eGov жүйесін және бизнес-процестерді автоматтандыру және цифрландыру бойынша басқа да жобаларды енгізуде табысты тәжірибе бар. Былтыр БҰҰ-ның электрондық үкіметтің даму  рейтингі бойынша Қазақстан Канада (28-орын) және Израильмен (30-орын) бірге 193 елдің ішінде 29-орынға ие болды. Ал мұндай табысты тәжірибе бүкіл мемлекеттік басқару жүйесіне таралатыны заңды, - деді ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры Еркін Тұқымов.

Спикердің айтуынша, Мемлекеттік органдарды басшылыққа алатын стратегиялық жоспарлар, ұлттық жобалар және басқа да құжаттар нысаналы индикаторларды қамтиды.

Бұл мақсатқа жету жолдары маңызды емес дегенді білдірмейді. Керісінше, пішін маңызды, бірақ нәтиже басымдық болып табылады. Ақпараттық технологияның көмегімен біз де сол мәселелерді шеше аламыз. «Е-Заңнама» ақпараттық жүйесінің заң шығару процесінің модулі іске қосылады, «Е-Өтініш» азаматтардың өтініштерін беру жүйесі институттандырылады, - деді  Еркін Тұқымов.

Сондай-ақ ол Президент пен Үкімет тапсырмаларының қайталануы және өзектілігі жіті тексерілетінін атап өтті.

Қайталанатын немесе маңызы жоқ нұсқауларды алып тастау мемлекеттік органдардың басым міндеттеріне назар аударуға мүмкіндік береді. Мемлекеттік басқару жүйесіндегі коммуникацияны цифрландыру логикалық тұрғыдан оның тиімділігін арттыруға әкелуі керек. Нұсқауларды, мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыруда белгіленген мерзімдерді сақтау өте маңызды. Бұған қара ІТ-технологиялар Үкімет жұмысының тиімділігін арттыруға көмектесетінін аңғарамыз, - деп атап өтті Тұқымов.

Тұқымовтың атап өтуінше, Мемлекет басшысының мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту туралы жарлығы– бұл цифрлық дәуірдің рухына сай келетін дер кезінде қабылданған шешім.

Біз «Жаңа Қазақстан» идеологиясының кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатқанын көріп отырмыз, ал дебюрократизация бұл жолдағы маңызды қадам, - деді Еркін Тұқымов.

Өзгелердің жаңалығы