Бюллетеньде партиялар қандай ретпен орналасты? ОСК жеребе тартты

 ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов 23 Шілде 2026, 18:52
23 Шілде 2026, 18:52
111
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов

Орталық сайлау комиссиясында 2026 жылғы 23 тамызға белгіленген Құрылтай депутаттарының сайлауына арналған бюллетеньде саяси партиялардың орналасу реті анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жеребе тарту рәсімін Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Мұхтар Ерман өткізді.

Рәсім барысында саяси партиялардың өкілдері мемлекеттік тілдегі атауларының әліпби тәртібімен кезекпен шақырылып, ішінде нөмірі бар жабық конвертті өз қолдарымен таңдады. Шыққан нөмірге сәйкес партиялардың атауы сайлау бюллетенінде орналастырылады.

ОСК төрағасының орынбасары Мұхтар Ерманның айтуынша, жеребе қорытындысы бойынша саяси партиялар бюллетеньде мынадай ретпен орналасады:

1. «Әділет» партиясы;
2. Жалпыұлттық социал-демократиялық партия;
3. Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы;
4. Қазақстан Халық партиясы;
5. «Ауыл» партиясы;
6. «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы;
7. «Respublica» партиясы.

«Орталық сайлау комиссиясының отырысында өткізілген жеребе тартудың қорытындысы бойынша, 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауында дауыс беру кезінде саяси партиялардың атаулары сайлау бюллетенінде осы ретпен орналасатын болады. Жеребе тарту қорытындылары Орталық сайлау комиссиясы мүшелерінің тиісті хаттамасымен бекітіледі», – деді Мұхтар Ерман.

Айта кетейік, бұған дейін Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай депутаттығына үміткер жеті саяси партияның партиялық тізімін тіркеп, сайлауалды үгіт-насихат кезеңінің басталғанын жариялаған еді.

Сондай-ақ, Құрылтай сайлауын бақылайтын халықаралық байқаушылар саны 96-ға жеткені хабарланды

145 мандатқа 545 кандидат таласатыны айтылды

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от BAQ.KZ ақпарат агенттігі (@baq.kaz)

Наверх