Бюджет қаржысын жымқырған адвокат сотталды

9 Қыркүйек 2021, 21:51
1177
Бөлісу:
Бюджет қаржысын жымқырған адвокат сотталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола облысы адвокаттар алқасының адвокаты мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету кезінде жұмсалған уақыт туралы көрінеу жалған мәліметтерді енгізіп, тергеушінің атынан 10 млн теңгеге жуық сомаға 15 жалған қаулы дайындаған. 

Бұл туралы ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

ҚР Әділет министрлігі қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша адвокат көрсететін мемлекет кепілдік берген заң көмегін бюджет қаражаты есебінен төлеу туралы қаулыларға талдау жүргізді.

Жоғарыда аталған іс-әрекеттердің салдарынан Ақмола облысының адвокаты 9,6 млн.теңгеден астам ақша қаражатын заңсыз алғаны анықталды.

Сот үкімімен адвокат ҚР ҚК 190-бабының 3-бөлігі 1) тармағы, 385-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танылды.

Сот 3,5 жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.

Сондай-ақ, ҚР ҚК 50-бабының 3-бөлігі негізінде адвокат бес жыл мерзімге адвокаттық қызметпен және заң қызметтерін көрсету жөніндегі қызметпен айналысу құқығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енді және Әділет министрлігі адвокатқа адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензияның қолданысын тоқтатты.

Сотқа дейінгі тергеу барысында адвокатпен жымқырылған ақша қаражаты бюджетке қайтарылды.

Министрлік осындай фактілерді анықтау және оларға жол бермеу жөніндегі тұрақты негізде жұмысты жүргізуде.

Бұдан басқа, 2021 жылғы сәуірден бастап еліміздің бүкіл аумағында мемлекет кепілдік берген заң көмегіне бөлінетін бюджет қаражатын жұмсаудың ашықтығы мен тиімділігін қамтамасыз ететін «Е-заң көмегі» ақпараттық жүйесі жұмыс істейді.

Өзгелердің жаңалығы