Судья, елші, облыс әкімі, комитет төрағасы тағы кімдер жемқорлық үшін сотталған

27 Сәуір 2021, 10:47
1924
Бөлісу:
Судья, елші, облыс әкімі, комитет төрағасы тағы кімдер жемқорлық үшін сотталған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы 2020 жылдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Ұлттық баяндамасында жазылған.

2020 жылы сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін 1021 адам сотталды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тіркеген сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша 722 адам сотталды, олардың арасында 144 басшы (оның ішінде 1 облыс әкімі, 4 облыс әкімдерінің орынбасарлары, министрліктің 2 жауапты хатшысы, 2 комитет төрағасы, 1 елші, 5 судья, 10 аудандық және қалалық әкім).
25 аса ауыр және 1368 ауыр қылмыстың, 112 жүйелі сыбайлас жемқорлық фактілерінің жолы кесілді, - делінген ұлттық баяндамада.

Баяндамада көрсетілгендей, агенттік 50,7 млрд теңгені өтеген. Бұл 2019 жылдың көрсеткішінен екі есе жоғары. Пара алу және жымқыру фактілері бойынша еселік айыппұл сомасы 2,8 млрд теңгені құраған. Келтірілген залалды қамтамасыз ету үшін, күдіктілердің мүлкіне 1,2 млрд теңге сомасында тыйым салынды.

Алдын алу және қылмыстық-құқықтық бағыттар бойынша агенттік жұмысының жиынтық экономикалық тиімділігі 2020 жылы 95,6 млрд теңгені құрағанын.

Ел басшылығының саяси ерік-жігерінің, демократияландыру призмасы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйелі және кешенді шаралар, сондай-ақ азаматтық қоғамның белсенді тартылуы арқылы саяси жаңғыртуға бағытталған дәйекті бағыттың нәтижесінде Қазақстан 2020 жылы Transparency International-дың сыбайлас жемқорлықты түйсіну индексінде алғаш рет 38 балл жинады, бұл 19 позицияға жоғары көтерілуге және 180 елдің арасында 94-орынды иеленуге мүмкіндік берді, - делінген баяндамада.

Өзгелердің жаңалығы