Олар білім қуып келген жоқ. Вице-министр 30 жастан асқан студенттер туралы

18 Ақпан 2021, 15:49
1270
Бөлісу:
Олар білім қуып келген жоқ. Вице-министр 30 жастан асқан студенттер туралы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ОКҚ-де жоғары білім сапасын арттыру бойынша өткен брифингте Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов елімізде студенттерінің көбі 30 жастан асқан ЖОО-лар туралы сөз қозғады.

Өткен жылы бір ЖОО-нын тексердік. Ол университетте 30 мыңнан аса студент бар. Оның жабылғанын жарияладық. Біздің шешіміз бойынша сот шағымының отырысы жарты жылға созылды. Білім беру ордасының беріп жатқан білім сапасының төмендігінің, оның жабылатынын біле тұра бірде-бір студент басқа ЖОО-ға ауыспаған. Студенттердің өздері басқа ЖОО-ға ауысу қажеттігін түсінбеген, - дейді ол.

Сонымен қатар, 30 жастан асқан студенттері бар университеттер туралы да айтып берді.

Елімізде студенттер санының жартысынан көбі 30 жастан асқан студенттерден құралған ЖОО-лар да бар. Барлығымыз бұл студенттердің білім қуып емес, диплом үшін келгенін білеміз. Осы жерде бұл 30 жастан асқан студенттердің оқуға түскен күнінен бастап тұрақты түрде зейнетақы аударымдары жүріп тұр. Демек, олар жұмыс істейді, - деп атап өтті вице-министр.

Оның айтуынша, осының нәтижесінде қандай мамандар білім алып шығатыны белгілі.

Былтыр Білім және ғылым министрлігі 36 ЖОО-ны грант алуға жібермеді. Бұл ЖОО-лардың басым көпшілігіне қиынға соққанын да түсініп отырмыз. Осы жерде бірнеше маңызды сұрақты көтергім келеді. Біз ЖОО-лар балаларымызға дұрыс білім бергенін қалаймыз ба? Түлек диплом алғаннан кейін жұмысқа орналасуы үшін ЖОО-лар мен студенттердің алған дипломы жұмыс берушінің сұранысына сай болғанын қалаймыз ба? Сондай-ақ, ЖОО-лар тиісті білім беріп отыр ма, әлде тек пайда тауып қана отыр ма? Бұл сұрақтарды біз бен қоғам әр ЖОО-ға қоюымыз керек, - деп айтты Дәуленов.

Өзгелердің жаңалығы