Былтыр тұтынушыларға шамамен 800 млн теңге қайтарылды - министр

11 Қаңтар 2023, 15:51
835
Бөлісу:
Былтыр тұтынушыларға шамамен 800 млн теңге қайтарылды - министр

Премьер-Министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин 2022 жылы ведомствада қандай істер атқарылғанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Министрліктің басым міндеттерінің бірі тұтынушылардың құқықтарын қорғау. 2022 жылдың қорытындысы бойынша 30 мыңнан астам өтініш қаралды (2021 жылмен салыстырғанда 20%-ке артық). Тұтынушыларға шамамен 800 млн теңге қайтарылды, - деді Серік Жұманғарин Сауда және интеграция министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында.

Вице-премьердің атап өтуінше, тұтынушылардың өтініштерін қабылдау және қарастыру процесін автоматтандыру үшін e-Tutynushy салалық ақпараттық жүйесі e-Otinish-пен біріктірілген.

Заңнамалық түзетулердің 2-ші пакеті әзірленді. Негізгі бастамалардың қатарында Омбудсмен институтын енгізу, бизнес қызметтерінің барлық салаларына базалық қағидаттарды тарату және электрондық саудадағы реттеу мәселелері кіреді. Маусым айында заң жобасын Парламентке енгізуді жоспарлап отырмыз. Жалпы, 2025 жылға қарай тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың тиімділігін 74,7%-ға дейін арттыру міндеті тұр, - деді ол. 

Өзгелердің жаңалығы