Былтыр Қазақстанның экспорты 40%-ға жетті – Президент

8 Маусым 2023, 12:29
717
Бөлісу:
Былтыр Қазақстанның экспорты 40%-ға жетті – Президент
Фото: Ақорда

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астана халықаралық форумында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Біз шетелдік серіктестеріміз өзара жауапкершілік танытады деп үміттенеміз. Бұл – саясатымыздың негізгі принциптері. Бұл өз кезегінде орта және шағын бизнес жолына тең мүмкіндіктер жасайды. Бұл еліміздің экономикалық дамуы үшін маңызды, - деді Тоқаев.

Мемлекет басшысының айтуынша, былтыр Қазақстанның экспорты 40%-ға жетті.

Жалпы ішкі өнімнің айтарлықтай бөлігі әлі де энергетика секторынан өндірілетіндіктен, әртараптандыруға деген жұмысты күшейтіп жатырмыз. Біз автомобиль жасау, фармацевтика, металл өңдеу және машина жасау сияқты салаларда өсуді көріп отырмыз, - деп айтты Президент форумда.

Мемлекет басшысы форумға қатысушыларды бизнес және экономикалық мүмкіндіктерді қарастыруға шақырды.

Мысалы, Қытайды Еуропалық Одақпен байланыстыратын орта дәліз немесе Транскаспий халықаралық көлік бағыты сауда мен инвестиция үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Бұл бағыт тауарды Үнді мұхиты арқылы тасымалдау мерзімін екі есе қысқартады, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы