Былтыр МӘМС басшылары жылдық қосымша төлемақылардан шеттетілді - министр

18 Қазан 2023, 13:00
624
Бөлісу:
Былтыр МӘМС басшылары жылдық қосымша төлемақылардан шеттетілді - министр
Фото: Арман Мухатов - архив

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басшыларына барлық жылдық бонустар берілмейтін болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Мәжіліс отырысынан кейін кулуарда тілшілерге берген сұхбатында мәлімдеді.

Айтуынша, былтыр қордың директорлар кеңесінің шешімімен басшылыққа берілетін қосымша төлемақылардың бәрінен қағылған.

Біріншіден, 2022 жылы директорлар кеңесі ешқандай қосымша төлемақы алған жоқ. Ресми ақпаратты ұсына аламын. Ресми тұлға ретінде бұл жалған ақпарат екендігін жариялағым келеді. 98 млн теңге қордың топ-менеджментіне жалақы, демалыс, емдеу жәрдемақысына қарастырылған. Былтыр олар бонус алған жоқ, директорлар кеңесі осындай шешім қабылдады. Әрқайсысы жылына 600 мың теңгеге дейін сыйлықақы ғана алды, - деп жауап берді ведомство басшысы.

Сонымен қатар министр сыйлықақы төлеу бойынша норма жылына 600 мың теңгемен шектелетінін нақтылады.

Қордың топ-менеджерлері оны 300 мың теңгеден екі рет – дәрігерлер күні мен Республика күнінде алған.

Айта кетерлігі, соңғы кездері әлеуметтік желілерде қазақстандықтар тарапынан міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысты сын көп айтылып жүр.

Өзгелердің жаңалығы