Былтыр Ұлттық қордың 3,1 трлн теңгесі жұмсалды – министр

12 Маусым 2020, 15:28
1192
Бөлісу:
Былтыр Ұлттық қордың 3,1 трлн теңгесі жұмсалды – министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев халық алдында айтты. 

2019 жылы Ұлттық қор қаражаты 27,5 трлн теңгені немесе 65,5 млрд АҚШ долларын құрады. Өткен жылы Ұлттық қорға шамамен 4,5 трлн теңге түсті.Оның ішінде мұнай секторы ұйымдарынан түсетін тікелей салықтар есебінен 2,8 трлн теңге түссе, 1,6 трлн теңге қорды басқарудан келіп түскен қаржы, - деді Ерұлан Жамаубаев. 
Қаржы министрі өткен жылы Ұлттық қордан 3,1 трлн теңге пайдаланылғанын айтты. 
Оның ішінде кепілдендірілген трансферт түрінде 2,7 трлн теңге, нысаналы трансферт түрінде 370 млрд теңге. Ұлттық қорды басқару бойынша шығыстар 14 млрд теңге болды, - деді министр.
Сондай-ақ, министр Үкіметтің есептілігі мен ашықтығының басты көрсеткіштерінің бірі ашық бюджет тұжырымдамасын іске асыру екенін атап өтті.
Оны енгізудің мақсаты - азаматтарға бюджет процесімен танысуға және бюджет қаражатының шығыстарын талқылауға қатысуға мүмкіндік беру. "Халықтық қатысу бюджеті" тұжырымдамасы шеңберінде азаматтық бюджетті жасау және ұсыну, жергілікті бюджеттердің жобаларын әзірлеу мәселелері нормативтік реттелген, - деді ол.
Өзгелердің жаңалығы