Былтыр көлік сатып алған қазақстандықтардың 65%-ы утильалым төлеген жоқ – Марат Қарабаев

24 Ақпан 2022, 10:42
2102
Бөлісу:
Былтыр көлік сатып алған қазақстандықтардың 65%-ы утильалым төлеген жоқ – Марат Қарабаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Марат Қарабаев хабарлады. Оның айтуынша, утильалым туралы қоғамда жаңсақ пікір қалыптасқан. 

Утилизациялық алым туралы қоғамда қалыптасқан пікірді мүмкін дұрыс түсіндіре алмаған шығармыз. Себебі утильалым туралы қоғамда шындыққа жанаспайтын пікір қалыптасуда. Сондықтан бірнеше мәселені айқындап алсақ. Біріншіден, отандық көліктің бағасында ешқашан утилизациялық алым болмаған. Бұл ретте мына мәселені атап өткен жөн. Сектор-секторға бөлетін болсақ, мысалы, жеңіл көлікті алар болсақ, халық арасында сұранысқа ие қай модельдер?! Бізде Kia, Huyndai, Chevrolet, Jac сынды көліктер толығымен бізде өндіріледі, - деп атап өтті вице-министр.

Сонымен қатар ол мұндай маркалы автокөліктердің утильалымына қатысты тоқталды. 

Осы аталған  модельді көліктерді алғанда халық ешқашан утильалым төлемеген. Енді статистикаға келер болсақ. Былтыр нарықта сатылған көліктердің арасында 65%-ы – отандық машиналар. Жаңа атап өткен бес брендке сәйкес келеді. Бұл дегеніміз жаңа көлік сатып алған қазақстандықтардың 65%-ы утильалым төлемеді. Ал қалған 35%-ы – импорттық көлік сатып алғандар. Олардың басым бөлігі – премиум санаттағы машиналар, - деді ведомство басшысы.

Өзгелердің жаңалығы