Былтыр этносаралық салада 20 зерттеу жүргізілді - Балаева

26 Сәуір 2023, 12:01
778
Бөлісу:
Былтыр этносаралық салада 20 зерттеу жүргізілді - Балаева
Фото: Артём Чурсинов

Бұл туралы Президент әкімшілігі басшысының орынбасары Аида Балаева Қазақстан халқы ассамблеясының ХХХІІ сессиясында мәлім етті, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Ассамблея өз деңгейінде азаматтардың құқықтарын қорғауға атсалысуда. Атап айтқанда, медиация процестеріне белсенді қатысады. Тек өткен жылдың ішінде 10 мыңға жуық өтініш қаралып, оның 70 пайызы заңгерлік кеңес берумен шешілді. Тарихта алғаш рет этномедиаторлар институты қалыптасты, – деді Балаева.

Былтыр этносаралық салада 20 зерттеу жүргізілді - Балаева

Оның айтуынша, өңірлерде 22 тренинг өткізіліп, 800 адам оқытылды. 2022 жылы этносаралық салада 20 зерттеу жүргізілді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев реформалар халқымыздың игілігі үшін, жоғары білімді әрі бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру үшін жасап жатқанымызды үнемі назарда ұстайды, – деді ол сөз соңында.

Былтыр этносаралық салада 20 зерттеу жүргізілді - Балаева
Өзгелердің жаңалығы