Былтыр бизнестен «Атамекенге» 4 мыңнан астам өтініш түскен – Ашитов

29 Сәуір 2022, 12:58
1436
Бөлісу:
Былтыр бизнестен «Атамекенге» 4 мыңнан астам өтініш түскен – Ашитов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Кәсіпкерлерді құқықтық қорғау департаменті директорының орынбасары Батыржан Ашитов «Қазақстанның бизнес секторындағы бизнестің адалдығын арттыру» конференциясында айтты.

2021 жылы «Атамекен» ҰКП-ға бизнесті қорғау бойынша 4 мыңнан астам өтініш келіп түсті, оның 40 пайызы оң шешімін тапты. Кеңестер шағын және орта бизнесті қорғауға бағытталған, көбінесе бизнес әлжуаз топ, онда  экономикалық және құқықтық қорғау мүмкіндік  жоқ. Орта есеппен жылына қаралатын мәселелердің шамамен 85%-ы шағын кәсіпкерлікке қатысты. Бұл -біздің жұмысымыздың басымдығы, - деді ол. 

Ашитов атағандай, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасында бизнестің адалдығына жәрдемдесу шаралары қарастырылған. 

Әрине, кәсіпкерлік ортадағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы негізгі құжат  Ұлттық кәсіпкерлер палатасының съезінде қабылданған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Кәсіпкерлердің хартиясы, онда сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты бизнес-қоғамдастықтың қолдауы туралы айтылған. Бизнеске сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықты енгізу халықаралық тәжірибе негізінде корпоративтік басқару стандарттарын әзірлеу, - деді Ашитов. 

Өзгелердің жаңалығы