Былтыр 5,7 мыңнан астам қазақстандық жеңілдетілген микрокредит алды

15 Наурыз 2024, 15:21
294
Бөлісу:
Былтыр 5,7 мыңнан астам қазақстандық жеңілдетілген микрокредит алды
Фото: BAQ.KZ -архив

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Ордабаев 2023 жылы қанша азаматтарға микрокредит берілген айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ордабаев микрокредиттер әлеуметтік осал топтар азаматтардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдауға бағытталғанын айтады.

Өткен жылы 5733 азаматқа микрокредит берілді. 2024 жылы 5,8 мың адамға микрокредит беру жоспарлануда, бұл мақсаттарға 29 млрд теңге бөлінді. Азаматтарға өз ісін ашуға мүмкіндік беретін қайтарымсыз гранттар беру жыл сайын іске асырылады. Биыл 9 мың азаматқа грант беру үшін 13 млрд теңге қарастырылған, – деді Олжас Ордабаев ОКҚ-да өткен брифингте.

Өзгелердің жаңалығы