Былтыр 4,3 мың жас маман тұрғын үй сатып алу үшін бюджеттік кредиттер алған

2 Тамыз 2022, 11:08
1365
Бөлісу:
Былтыр 4,3 мың жас маман тұрғын үй сатып алу үшін бюджеттік кредиттер алған

Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Ұлттық жоба аясында былтыр 2 мың маман тұрғын үй алғанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Министр ұлттық жоба аясында іске асырылған жұмыстарды таныстырды.

«Ауыл-Ел бесігі» жобасы аясында ауылдарды жаңғырту. Жоба шеңберінде 2021 жылы 480 ауыл қамтылды.  2,9 мың км инженерлік желілер мен жолдар және 300-ден астам әлеуметтік объектілер салынды әрі жөнделді. Осы жылы республикалық бюджеттен 576 ауылда 1 056 жобаны іске асыруға 128 млрд теңге бөлінді, бұл қаражат тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында – 91 жоба атқаруға, әлеуметтік инфрақұрылым саласында – 454 және көлік инфрақұрылымы саласында – 511 жобаға бағытталған, - деді министр.

Оның айтуынша, осы уақытқа дейін әкімдіктер 52,2 млрд теңгені немесе жылдық жоспардың 40,8 пайызын игерді. Қаражаттың ең төмен игерілуі Қарағанды облысында байқалады.

«Дипломмен ауылға» жобасы бойынша 2021 жылы 4,3 мың жас маман тұрғын үй сатып алу үшін бюджеттік кредиттер алды. Осы жылы республикалық бюджеттен 4,3 мың маманға тұрғын үй сатып алуға 20 млрд теңге бөлінді, 1 тамызға шаққанда 2 мың маман тұрғын үй алды, - деді  Әлібек Қуантыров. 

Өзгелердің жаңалығы