БҰҰ: Украинада 4 мыңнан астам бейбіт тұрғын көз жұмған

29 Мамыр 2022, 08:48
1255
Бөлісу:
БҰҰ: Украинада 4 мыңнан астам бейбіт тұрғын көз жұмған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Украинада қарулы қақтығыс басталғалы 4 мыңнан астам бейбіт тұрғын көз жұмған. Оның 200-ге жуығы бала. Бұл туралы «Хабар24»  жазды.

Біріккен Ұлттар ұйымының есебі осындай. Дегенмен, сарапшылар адам шығыны бұдан да көп болуы мүмкін екенін айтады. Қаза тапқандардың көбі ауыр артиллерия мен әуе соққысынан бақилық болған көрінеді.

БҰҰ дерегі бойынша 3 айда Украинадан шамамен 13 миллион адам өзге елге босып кеткен.

Өзгелердің жаңалығы