БҰҰ өкілі елде өтіп жатқан халықаралық форум ерекшелігін атады

21 Маусым 2023, 10:55
1098
Бөлісу:
БҰҰ өкілі елде өтіп жатқан халықаралық форум ерекшелігін атады
Фото: автордан

Халықаралық волонтерлер форумында БҰҰ Еріктілер бағдарламасының атқарушы үйлестірушісі Тойли Курбанов Қазақстандағы форум практиктердің басын біріктіргенін атады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл форум ерекше. Өйткені форум волонтерлер әлемінің өз орталары мен мемлекеттеріне адал жұмыс істеп, мансап іздемейтін барлық практиктерін біріктірді. Қазақстан халқының қонақжайлығын, форумның керемет ұйымдастырылғанын көріп отырмыз, - деді ол.

Сондай-ақ Тойли Курбанов БҰҰ-ның Бас ассамблеясы волонтерлікті өте мықты құрал деп мойындайтынын айтты. Оның ойынша, кейде бұл сөз бюрократиялық болып естілсе де, оны мойындау маңызды.

Көптеген елдерде волонтерлік жұмыс туралы заң қабылданып жатыр. Волонтерлік жұмыс ұлттық стратегияларға қосылып жатыр. Ай сайын волонтерлік қызметтің жаңа институттары мен желілері пайда болып жатыр. Кейбіреулер мұны уақытша феномен деп, көбіне пандемиямен байланыстырады. Бірақ біз онымен келіспейміз. Пандемия жаңа тенденцияларға әкелген жоқ, бар дүниені күшейтті, - деді ол.

Айта кетейік, Халықаралық волонтерлер форумы кешеден бері Бейбітшілік және келісім сарайында өтіп жатыр. Форумға 34 елден 40-тан аса спикер қатысып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы