БҰҰ-ның Бас хатшысы Рамазан айымен құттықтады

23 Наурыз 2023, 16:05
809
Бөлісу:
БҰҰ-ның Бас хатшысы Рамазан айымен құттықтады
Фото: aa.com.tr

БҰҰ-ның Бас хатшысы барша мұсылманды қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтап, әлем елдерін бірлікке үндеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл кезең көп ойлануға, біліп-тануға мүмкіндік береді. Әлем елдері тізе қосып, бір-біріне түсіністік пен жанашырлық танытатын уақыт. Адамдар арасындағы диалогты бекемдеу, бірлік пен бейбітшілікке үндеу – Біріккен Ұлттар Ұйымының миссиясы. Менің сөзім қиын-қыстау кезеңде қақтығыстардан көз ашпай келе жатқан елдерге, үйлерін тастап басқа жаққа кетуге мәжбүр болған қалың жұртқа арналады. Мұсылмандардың мерекесі – Рамазан айы баршаға береке әкелсін, әлем елдерін бейбітшілікке, өзара құрмет пен ынтымаққа шақырамын, - деді БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш.

Өзгелердің жаңалығы