БҰҰ Непалға көмек көрсету үшін 50 миллион долларға жуық қаражат сұрады

Төрт айлық көмек көрсету жоспары Непалдың Табиғи апаттар қаупін азайту және басқару ұлттық басқармасының (NDRRMA) жетекшілігімен жүзеге асырылады

 un.org 5 Қыркүйек 2026, 17:49
5 Қыркүйек 2026, 17:49
183
Фото: un.org

БҰҰ және гуманитарлық ұйымдар Непалдың солтүстігінде жойқын су тасқыны мен көшкіннен зардап шеккен 84 мыңнан астам адамға шұғыл көмек көрсету үшін 49,6 млн доллар бөлуге шақырды.

Қаражат зақымданған су жүйелерін қалпына келтіруге, суды жедел тазарту жүйелерін орнатуға және аурулардың таралуын болдырмау үшін халықты гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге бағытталады.

Төрт айлық көмек көрсету жоспары Непалдың Табиғи апаттар қаупін азайту және басқару ұлттық басқармасының (NDRRMA) жетекшілігімен жүзеге асырылады.

БҰҰ мәліметінше, 26 тамызда басталған табиғи апат салдарынан мыңнан астам адам қаза тауып, көптеген тұрғын хабар-ошарсыз кеткен. Расува, Нувакот және Дхадинг аудандарындағы тұтас ауылдардың тұрғындары үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған.

Су тасқыны мен көшкін көлік жолдарын жауып, электр энергиясы мен су жүйелерінің жұмысына кедергі келтірді. Оқшауланған елді мекендерде ең қажетті заттардың тапшылығы байқалады.

Бұған дейін Непалдағы су тасқынынан кейін 5 мыңға жуық адам із-түзсіз жоғалып кеткені, ал 22 мың баланың ауызсуға шұғыл мұқтаж екені хабарланған.

Наверх