БҰҰ Чилиді "халыққа күш көрсетті" деп айыптап отыр

15 Желтоқсан 2019, 15:41
3065
Бөлісу:
БҰҰ Чилиді "халыққа күш көрсетті" деп айыптап отыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Біріккен ұлттар ұйымы Чили билігін аймақтағы ереуілдерді басу үшін "халыққа күш көрсетті" деп айыптап жатыр. БҰҰ адам құқықтары бұзылды деп санайды. 

Бұл туралы dw.com сайтында хабарланды.

Ұйымның мәліметіне сәйкес, жаппай толқулар басталғалы бері өңірде 4 мыңнан астам адам жарақат алған. Оннан астамы мерт болды, - делінген таратылған хабарламада.

Естеріңізге салайық, елдегі жаппай ереуіл 14 қазанда басталған еді. Оған метро жолақысының қымбаттауы себеп болды. Кейін ереуіл соңы қақтығысқа ұласып, наразы жұрт сауда үйі мен автобустарды өртей бастады. 

Чили елінің президенті қоғамдық көлік жолақысының қымбаттауын тоқтатқанмен толқулардың басылар түрі жоқ.

Өзгелердің жаңалығы