БҰҰ басшылығы арасында covid-19 инфекциясын жұқтыру дерегі анықталды

23 Желтоқсан 2021, 20:52
1099
Бөлісу:
БҰҰ басшылығы арасында covid-19 инфекциясын жұқтыру дерегі анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Covid-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.

БҰҰ Бас Ассамблеясының 76-шы сессиясының төрағасы Абдулла Шахидтің індетке шалдыққаны расталды. 

Бүгін мен COVID-19 сынағының оң нәтижесін алдым. Мен үйде оқшауланамын, жеңіл белгілері бар, – деді Шахид өз блогында. 

Сонымен қатар БҰҰ шенеунігі вакцинацияның толық курсынан өтіп, үдеткіш вакцинация жасағанын жазды. Ол COVID-19 вирусымен ауыратын миллиондаған адамдар мен коронавирустық препараттарға қол жеткізе алмайтын миллиардтаған адамдар үшін дұға жасап, вакциналардың әділ бөлінуін жақтайтынын айтты.

Өзгелердің жаңалығы