Біріккен Ұлттар Ұйымы АҚШ пен Иран арасындағы диалогтың жалғасып, атысты тоқтату режимінің ұзартылуына үміт артып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
Бұл туралы БҰҰ Бас хатшысының ресми өкілі Стефан Дюжаррик брифинг барысында мәлімдеді. Оның айтуынша, ұйым тараптар арасындағы келіссөздер жалғасып, дипломатиялық тетіктер толық көлемде іске қосылады деп күтеді.
«АҚШ пен Иран Ислам Республикасы арасындағы диалог жалғасады, атысты тоқтату режимі ұзартылып, дипломатия толық көлемде жүзеге асады деп үміттенеміз», – деді Дюжаррик.
Алайда бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Иранмен атысты тоқтату мерзімін ұзарту «өте екіталай» екенін айтқан болатын. Қазіргі жағдайда тараптар арасындағы келіссөздердің болашағы белгісіз күйінде қалып отыр.