Бұрынғы жемқор жұмысқа қабылданбайды

6 Сәуір 2021, 17:45
1659
Бөлісу:
Бұрынғы жемқор жұмысқа қабылданбайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Оларды жұмысқа алғаны үшін азаматтарға 300 мың теңгеге дейін айыппұл салынады. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн баспасөз мәслихаты кезінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов айтты.

Бұл жерде маңызды мәселе – сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамдарды жұмысқа орналастыруға тыйым салу туралы талап бұған дейін тек мемлекеттік қызмет пен квазимемлекеттік сектордың басшы лауазымдарына қатысты болғанын атап өткім келеді. Енді биыл жыл басынан бастап күшіне енген Еңбек кодексіне енгізілген түзетулерге сәйкес сыбайлас жемқорлық үшін сотталған адамдарды кез келген квазимемлекеттік сектор лауазымына қабылдауға толық тыйым салынды. Бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамдарды жұмысқа қабылдағаны үшін мемлекеттік органның немесе ұлттық компанияның басшысы өз қалтасынан 100 АЕК көлемінде айыппұл төлейді, – деді ол.

Спикер жемқорларға ықпал ететін қылмыстық-құқықтық шаралардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар алаңындағы жалғыз қару емес екендігін атап өтті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдамағаны үшін лауазымды тұлғалар 300 мың теңге айыппұлмен жазаланады.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тұрғысынан маңызды саналатын, мемлекеттік орган басшыларының және өзге де лауазымды тұлғалардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдамағаны үшін жауапкершілігін көздейтін Кодекстің 680-бабы – аталған лауазымды тұлғаларға 100 АЕК көлемінде айыппұл салуға әкеп соғады - деп мәлімдеді Бектенов.

Оның айтуынша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қолданыстағы заңнамада қарастырылған жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша тиісті шаралар қабылдамайтын мемлекеттік органдардың басшылары мен лауазымды тұлғаларына әкімшілік ықпал ету шараларын қолдануға уәкілетті.

Раушан АРМАНҚЫЗЫ
Өзгелердің жаңалығы