Бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Димаштың челленджін жалғастырды

10 Тамыз 2023, 17:22
839
Бөлісу:
Бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Димаштың челленджін жалғастырды
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив

Денсаулық сақтау экс-министрі, Президент Іс Басқармасының Медициналық орталығының басшысы Алексей Цой Абай күніне орай жарияланған челленджді жалғастырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұған дейін танымал әнші Димаш Құдайберген Абайдың туған күніне арналған челлендж жариялағанын жазған едік.

Бүгін осы челленджді Президент Іс Басқармасының Медициналық орталығының басшысы Алексей Цой қолдады.

Армысыздар құрметті қазақстандықтар! Еліміздің еңбек сіңірген қайраткері Димаш Құдайберген @Kudaibergenov.Dimash хакім Абай Құнанбаевтың мерейтойына орай #Аbaychallenge челленджін бастаған. Осыған орай, ұлы Абай атамыздың кейінгі ұрпаққа қалдырған мәңгілік мұрасынан үзінді тарту етемін, - деп жазды Цой.

Алексей Цой Instagram-дағы парақшасында Абай атамыздың «Әсемпаз болма әрнеге» өлеңін оқып, видео жариялады.

Бүгін, яғни 10 тамызда қазақтың ақыны, ағартушысы, философ Абай Құнанбайұлының туған күні атап өтіліп жатыр. Ұлы қайраткердің 178 жылдығы күні Астанада оның шығармашылығы мен еңбектеріне арналған ондаған іс-шара өткізілді.

Өзгелердің жаңалығы