Бұрын да сотталған: Пәтер жалға беремін деп 13 адамды алдаған әйелге сот үкімі шықты

Елорда тұрғыны танымал платформаға жалған хабарландыру жариялап, қазақстандықтардан ақша алған. Алаяқтықтың жалпы шығыны 2,1 млн теңгеге жеткен.

10 Қараша 2026, 16:37
АВТОР
 ©BAQ.KZ архиві/Артём Чурсинов 10 Қараша 2026, 16:37
10 Қараша 2026, 16:37
126
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Артём Чурсинов

Тұрғын үйді жалға беру кезінде бірнеше рет алаяқтық жасаған әйел қайтадан сотталды.
 
Астана қаласы прокуратурасының мәліметінше, бұған дейін де сотталған және осыған ұқсас қылмыстар жасағаны үшін жазасын өтеу мерзімі кейінге қалдырылған 37 жастағы елорда тұрғыны Қазақстанның әртүрлі қалаларында пәтер жалға беру туралы жалған хабарландыруларды танымал жарнама платформасына орналастырған.

Ол өзін пәтердің иесі ретінде таныстырып, клиенттерді депозит немесе алдын ала төлем аударуға көндірген. Кейін түскен ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсаған, - делінген қалалық прокуратураның хабарламасында.

Қысқа уақыт ішінде оның алаяқтық әрекеттерінен 13 адам зардап шеккен. Келтірілген жалпы шығын көлемі 2,1 млн теңгені құрады.

Сот үкімімен ол екі немесе одан да көп адамға қатысты бірнеше рет алаяқтық жасағаны үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігінің 3) және 4) тармақтары бойынша кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді, - деп хабарлады Астана қаласы прокуратурасы.

Кәмелетке толмаған баласының болуына байланысты жазаны орындау 3 жылға кейінге қалдырылды.

Жәбірленушілердің келтірілген залалды өтеу туралы азаматтық талаптары толық көлемде қанағаттандырылды.

Прокуратура азаматтарды тұрғын үйді жалға алу кезінде сақ болуға шақырады.

Алаяқтыққа жол бермеу үшін пәтерге меншік құқығын растайтын құжаттарды тексеріп, жалға берушінің жеке басына көз жеткізу қажет. Құжаттар тексеріліп, жалдау шарты жасалғанға дейін алдын ала төлем немесе кепілақы аудармаңыз.

Еске сала кетейік, баласының дүниеге келуін отшашумен атап өткен 35 жастағы астаналық бес тәулікке қамалды. Түнгі отшашу тұрғындардың тыныштығын бұзған.

Тағы оқи отырыңыз: Ақтауда су басқан көшеде көлігінің үстіне шығып, балық аулаған жігіт үш бап бойынша жазаланды 

«Жоғары табысқа кенелесіз»: Ақтөбеде ерлі-зайыпты 8 млн теңгеден астам ақшасынан айырылды 

15 метр тереңдікке дейін қазған: Абай облысында заңсыз алтын өндірушілер ұсталды 

Наверх