"Бұршақ, дауыл, жел күшейеді". Синоптиктер алдағы үш күнге болжамын айтты

21 Маусым 2023, 13:10
782
Бөлісу:
"Бұршақ, дауыл, жел күшейеді". Синоптиктер алдағы үш күнге болжамын айтты
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив

Қазақстан бойынша 2023 жылғы 22-24 маусымға арналған ауа райы болжамы ұсынылды. Синоптиктер болжамына сәйкес Қазақстанның басым бөлігінде қысқа мерзімді жаңбыр жауады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алдағы күндері республика аумағының басым бөлігінің ауа райын циклонның жырасы және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдер айқындайтын болады. Осыған байланысты жаңбыр жауады, найзағай күтіледі. 22-24 маусымда оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында, 24 маусымда еліміздің орталығы мен шығысында қатты жаңбыр жауады. Қазақстан бойынша бұршақ, дауыл, жел күшейеді деп күтілуде. Температуралық фонда күрт өзгерістер күтілмейді, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы