Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көл жағасында демалмақ болған үш жас қыз суға түсіп, жағадан алыстап кеткен. Қыздарға көмек керегін түсінген демалушылар оларды құтқарып қалды, деп хабарлайды Ақмола облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі.
Оқыс оқиға Бурабайдағы Үлкен шабақты көлінде болған.
Екі қызды бірден құтқарып, үшінші 14 жастағы қыз судан шығарылғанде ес-түссіз болған. Демалушылардың бірі оған алғашқы медициналық көмек көрсетіпті.
Судан алып шыққан кезде, қыздың жүрек қағысы әлсіз болды. Ол "өкпенің ісінуі" диагнозымен аурухананың жан сақтау бөліміне жеткізілді, — деп мәлімдеді облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі