Бұқпа өзеніндегі жағдай тұрақты – облыс әкімі

15 Қараша 2023, 13:00
418
Бөлісу:
Бұқпа өзеніндегі жағдай тұрақты – облыс әкімі
Фото: ОКҚ

Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

БАҚ өкілдерінің «Жыл басында кәріз жүйесі жарылып, Бұқпа өзеніне аққан еді. Бұл Қарағанды облысындағы маңызды мәселелердің бірі болғандықтан, жергілікті эко белсенділер дабыл қақты. Құбырлар Кеңес Одағынан бері келе жатыр, қазіргі жағдай қандай?» деген сауалдарына облыс әкімі жауап берді.

Қазір жағдай тұрақты. Саяжайларда үй салынып кеткен, оның астында құбыр жүріп жатыр. Басты мәселе осы болып тұр. «Қарағанды су» қазір жұмыс жүргізіп жатыр. Жағдай менің бақылауымда , – дейді Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев.

Өзгелердің жаңалығы