Бұқар жырау көшесінен Хусейн бен Талал көшесіне дейінгі учаске ішінара жабылады

23 Сәуір 2024, 13:33
291
Бөлісу:
Бұқар жырау көшесінен Хусейн бен Талал көшесіне дейінгі учаске ішінара жабылады
Фото: BAQ.KZ - архив

Тұран даңғылының жол төсеміне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқанына байланысты 22-26 сәуір аралығында Тұран даңғылының Бұқар жырау көшесінен бастап Хусейн бен Талал көшесіне дейінгі учаскесі ішінара жабылады, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Бұл ретте аталған учаскеде автокөлік құралдарының қозғалысы бір бағытта (әуежайдан қалаға қарай) жүзеге асырылады.

Бұған дейін хабарланғандай, жол төсемінің орташа жөндеу жұмыстары Тұран даңғылы бойынша Керей Жәнібек хандар көшесінен Жұлдыз айналымына дейінгі учаскеде жүргізіледі (2023 жылы Тұран даңғылы бойынша «Тұлпар» көпірінен Сарайшық көшесіне дейінгі учаскеде жол жұмыстары жүргізілген). Жұмыстар учаскелердің тоқсан сайын жабылуымен кезең-кезеңмен жүргізілетін болады.

Жөндеу жұмыстарын жүргізу кезеңінде қалалық қоғамдық көлік маршруттарының қозғалыс сызбалары өзгертілетін болады. Бұл туралы «City Transportation Systems» ЖШС ресми сайтында cts.gov.kz және Facebook пен Instagram әлеуметтік желілерінде танысуға болады.

Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жол-құрылыс жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы