Буллинг бұрын әлімжеттік түрінде болған – психолог Ержан Мырзабаев

14 Сәуір 2022, 15:49
3297
Бөлісу:
Буллинг бұрын әлімжеттік түрінде болған – психолог Ержан Мырзабаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Желмая» жобасында қонақта болған психолог Ержан Мырзабаев буллинг бұрын әлімжеттік түрінде болғанын айтады.

Қазіргі таңда көптеген проблема жаңадан шығып жатқандай көрінеді. Бірақ оның барлығы бұрыннан болған. Себебі теледидар, интернет, ұялы байланыс телефоны болмағандықтан біз ондай ақпараттарды көп ести бермейтінбіз. Яғни буллинг бұрын да болған. Оның бізге түсінікті баламасы – әлімжеттік, - дейді психолог.

Оның сөзінше, 90 жылдары буллинг мәселесі өте күрделі болған.

«Буллинг» термині халықаралық қолданысқа да енді енгізіліп жатыр. Буллинг – біреуге зиянын келтіру мақсатымен қайталанатын агрессивті әрекеттер. Мысалы, бопсалау, мазақтау, тиісу, затын алып қою, ұрып-соғу. Осы мәселелердің әрқайсысына жеке тоқталып қарасақ, аса ауыр проблема еместей көрінеді. Бірақ барлығын бірге жинап, буллинг ұғымымен ұштастыруға болады. Оның балаға психологиялық әсері – қайталанатын агрессивті әрекеттердің болуы, - деп түсіндірді маман.

Мырзабаев «конфликт» пен «буллинг» ара жігін ажыратып берді.

Қақтығыс (конфликт) – ол байқаусызда бір рет ерегесіп, ұрысып қалу. Ал буллингте әдейі қайта-қайта тиіседі. Буллинг – ол белгілі бір диналық өзгеріске сай құбылыс, ол бірқалыпты емес. Буллинг жасайтын адам үнемі онымен айналыса бермеуі немесе оған адам үнемі тап бола бермеуі мүмкін, - дейді ол «Желмая» жобасына берген сұхбатында.

Өзгелердің жаңалығы