Бұл сайлау конституциялық реформаның қисынды жалғасы – Имашев

12 Қаңтар 2021, 16:55
1176
Бөлісу:
Бұл сайлау конституциялық реформаның қисынды жалғасы – Имашев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық сайлау комиссиясының отырысында Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауының қорытындылары және дауыс беру қорытындылары бойынша мәслихаттардың депутаттық мандаттарын бөлу туралы аумақтық сайлау комиссияларының есептері тыңдалды.

Отырысты қорытындылай келе Берік Имашев мәслихат депутаттары алғаш рет пропорционалды сайлау жүйесі бойынша сайланғанын атап өтті. 

Бұл 2007 жылғы конституциялық реформаның қисынды жалғасы болып табылады және республикалық және жергілікті деңгейлерде өкілді органдарды қалыптастыру жөніндегі тәсілдерді біріздендіреді. «ҚР сайлау туралы» Конституциялық заңына сәйкес депутаттық мандаттарды бөлу кезектілігін саяси партияның тиісті филиалының басшы органы сайлау жарияланған күннен бастап бес күннен кешіктірмей айқындайды, - деді Берік Имашев. 

Айта кетейік, мәслихаттар депутаттарын сайлау қорытындылары туралы хабарды тиісті аумақтық сайлау комиссиялары жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.Отырысқа саяси партиялардың өкілдері, бейнеконференцбайланыс режимінде облыстардың, Нұр-Cұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының аумақтық сайлау комиссиялары, онлайн режимінде бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Өзгелердің жаңалығы