2026 жылы құрбандыққа шалынатын мал қанша тұрады?

Астанада құрбан шалатын орындар аталды.

Кеше 2026, 17:21
АВТОР
 ©BAQ.KZ архиві/Ғазиз Шәкіров Кеше 2026, 17:21
Кеше 2026, 17:21
904
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Ғазиз Шәкіров

Құрбан айт қарсаңында республика бойынша мал соятын арнайы орындар белгіленді. Бұл туралы спикер Ермек Қасболатұлы мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның айтуынша, құрбандық шалуға арналған орындар еліміздің барлық облыс орталықтарында қарастырылған.

Астанада құрбандық шалатын арнайы орын ретінде “Big Shanghai” және “Жайлау” базарлары белгіленді,– деді ол.

Сонымен қатар спикер биылғы мал бағасына да тоқталды.

Мал бағасына келетін болсақ, қазір әр малшы өз жағдайына қарай нарықтық бағамен сатып жатыр. Облыстардан алдын ала сұратылған мәліметтерге сәйкес, мал бағаларын арнайы сайттан көруге болады,– деді Ермек Қасболатұлы.

Сайттағы мәліметке сәйкес:

  • бір қойды құрбандыққа шалу құны – 125 мың теңге;
  • ірі қараны жеке атынан шалғысы келетін азаматтар үшін баға – 875 мың теңге;
  • ал ірі қараны жеті адам бірігіп шалатын болса, әр адам 125 мың теңгеден төлейді.

Айта кетейік, Құрбан айт күндері еліміз бойынша онлайн құрбандық шалу қызметі де қолжетімді болады.

Бұған дейін ҚМДБ құрбан шалудың ережелерін ескерткен еді.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от BAQ.KZ ақпарат агенттігі (@baq.kaz)

Наверх