Бұл мереке халқымызды біріктіреді - Мәдениет министрі

21 Наурыз 2023, 20:32
762
Бөлісу:
Бұл мереке халқымызды біріктіреді - Мәдениет министрі
Фото: Ақорда

Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қадірлі ағайын! Баршаңызды Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Сан ғасырлық тарихы бар, дәстүрі мен маңызы терең бұл мереке біздің халқымызды біріктіреді. Наурыз мейрамы ата-бабаларымыздан қалған мол мәдени мұрамызды қайта жаңғыртып, ұлықтауға мүмкіндік береді, - деп жазды ол Facebook-тегі парақшасында.

Министр жаңа жыл елімізге ынтымақ пен өркендеу әкелуіне тілектестігін білдірді.

Наурыз айында қазақстандықтар туыс, достарымен көріседі. Сондықтан осы бір шынайы отбасылық мереке қарсаңында әрбір отандасымызға зор денсаулық, толағай табыс, сәттілік, ашық аспан және жүрегіне қымбат адамдардың күлкісін тілеймін. Жаңа жыл елімізге ынтымақ пен өркендеу әкелсін! Наурыз құтты болсын!, - деді Оралов.

Өзгелердің жаңалығы