Букмекерлік кеңселерде ұтыстарды есепке алу ережесі өзгерді

2 Сәуір 2023, 16:02
883
Бөлісу:
Букмекерлік кеңселерде ұтыстарды есепке алу ережесі өзгерді
Фото: showbiz-today.com

2023 жылдың 2 сәуірінен бастап букмекерлік кеңселер мен тотализаторларда қазақстандықтардың тіккен ұтыстары есепке алынады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Әрбір қатысушысының тіккен ұтысы (оның ішінде электрондық) ставкаларды есепке алу орталығына қосылған букмекерлік кеңсенің немесе тотализатордың тиісті кассасы арқылы қабылданады. 

Ставкаларды есепке алу орталығына байланыс желілері арқылы қосылған аппараттық-бағдарламалық кешендер арқылы букмекерлік кеңселер мен тотализаторлар: ставканы төлеу тәсілін (қолма-қол немесе қолма-қол емес тәсілмен, оның ішінде электрондық ақшаны)көрсете отырып, әрбір бәс тігуге қатысушы бойынша қабылданған барлық ставкалардың есебін онлайн-режимде жүргізеді;

Букмекерлік кеңселер мен лотереялардың аппараттық-бағдарламалық кешендері ақпараттың бәс тігу орталығына онлайн берілуін қамтамасыз етеді:

• бәс тігушілер үшін – толық аты-жөні, ЖСН, ұтыс тігудің қабылданған күні мен сомасы, ұтыс сомасы мен күні, ұтыс сомасы мен төленген күні, ұтыстардың ақшалай баламасы; 
• ойын бизнесін ұйымдастырушылар үшін – заңды тұлғаның атауы, БСН, заңды мекенжайы, салық салу объектісінің түрі, касса түрі (жер / электронды), ставканы қабылдаған кассаның орналасқан жері.

Ақпаратты есепке алу салық органдарына және қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға беру мақсатында жүзеге асырылады.

Өзгелердің жаңалығы