Бұқаралық спортты дамыту бағдарламасы таныстырылды

21 Сәуір 2021, 21:03
2835
Бөлісу:
Бұқаралық спортты дамыту бағдарламасы таныстырылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Fitness park KZ» дене шынықтыру және спортты дамыту бағдарламасы мен әдістемесіне арналған дөңгелек үстел өтті. «Fitness park KZ» жобасы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы гранты» шеңберінде іске асырылып отыр.

Бұқаралық спортты дамыту бойынша жаңа бағдарлама мен әдістемені жоба жетекшісі, Ұлттық Дельфий Комитетінің директоры Құралай Түспекованың тұлғасынан әзірлеушілер, сонымен қатар, жобаның әріптестері - «World class» фитнес-директоры әрі менеджері (Нұр-Сұлтан) Замира Муржикова мен Алина Чурина, Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының ғылыми қызметкері, Fitness Park KZ жобасының әзірлеушілерінің бірі Есет Байтасов ен «Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ маманы Замира Доскенова таныстырды.

Жобаның негізгі мақсаты — қазақстандық жастар арасында дене шынықтыру мен спорттың көпсатылы бағдарламасын іске асыру. Біз әр қазақстандыққа көмектесетін креативті жаттығулар негізінде қатысу мәдениетін енгізу бойынша міндетті алға қойдық. Екі ай бойы бұқаралық спортты дамыту бағдарламасы мен әдістемесін жасау барысында екі команда жүмыс істеді. Оған негіз қылып физикалық дайындығы мен денсаулығындағы олқылығына қарамастан, жастарға бағытталған барлық дене белсенділігін алдық және ұлттық спорт пен би және заманауи трендтердің элементтерін қостық. Бұл қазақстандық жастар үшін уәждемелік сәтке айналары сөзсіз. Сондай-ақ, айта кететін жайт, аталған бағдарлама мен әдістеме мүмкіндігішектеулі жандарға да бейімделіп жасалатын болады. Жақын болашақта, арнайы (түзету) білім беру мекемелеріне дене шынықтыру сабақтарында оны қолдана алады,  — деп атап өтті жоба жетекшісі, Ұлттық Дельфий Комитетінің директоры Құралай Түспекова.  

Сондай-ақ, әзірлеушілер жастардың спортпен айналысу уәждемесінің қарқынының нәтижесі мен жобаның бағдарламасы мен әдістемесін дамытудың жаңа тәсілдерін ұсынды. 

Бірінші кезекте, бүгінгі таңда халықты, әсіресе, ауыл жастарын бұқаралық спортқа тартудың деңгейі төмен болып отыр, уәждеуіш контенттің пайызы өте төмен, әсіресе, мемлекеттік тілде жоқтың қасы, сондай-ақ, спортты насихаттаудың пішіні мен түрлері ескірген және жүйелі дамыту саясаты, әлеуметтік жарнама жоқ деуге болады. Ұсынылған әдістеме мен бағдарламаның арқасында біз алға қойған мақсатымыз – заманауи жағдайда және шындықта жастар  арасында дене шынықтыру мен салауатты өмір салтын енгізуді іске асыратын боламыз, - деді бағдарламаны әзірлеушілердің бірі Есет Байтасов.

Дөңгелек үстелде қазақстандық спортшы, үш дүркін Еуропа чемпионы, Олимпиада ойындарының жеңімпазы Елена Хрусталева баяндама жасады.

Бұл ауқымды іс, бүгінгі жағдайға байланысты адамдар денсаулықтың өте маңызды екенін және оны сақтау мен жақсартудың әдістерінің бірі қозғалыс пен дене шынықтыру екенін түсіне бастады. Бұл тұрғыда дұрыс дене жүктемесін жасаған маңызды.  Өзім үлкен қызығушылықпен қарайтын боламын, егер сұрақтар болса, идеяларым болса, міндетті түрде бөлісемін. Менің ойымша, сіздерден үйренеріміз көп. Айтып өткендеріңіздей, бұл адамдармен жұмыс істеуде үлкен тәжірибе. Өзім де өз-өзіммен, кәсіби спортшылармен жұмыс істедім. Сіздер қарапайым адамдармен жұмыс істеп, олардың қажеттіліктері мен проблемаларын көріп жүрсіздер. Осы проблемаға тереңінен қарап, аталмыш бағдарламаны жасау үшін барлық тетіктерін есепке алып, осы мәселемен айналысқандарыңызға ризамын. Мен бұл бағдарлама танымалдылыққа, сұранысқа ие болады деп үміттенемін. Қазақстандықтардың басым көпшілігі осы бағдарламамен жұмыс істеп, оны өздерінің өмір салтына енгізгендерін қалаймын - деді ол. 

Сондай-ақ, іс-шара шеңберінде арнайы әдістеме негізінде әзірленген алғашқы 15 минуттық ширатудың тұсауы кесілді, сондай-ақ, Қазақстандағы дене шынықтыру  мұғалімдері арасында республикалық  «Fitness park KZ» конкурсы басталды.

Өзгелердің жаңалығы