Бүгін жеті қалада ауа сапасы нашарлайды

29 Қаңтар 2024, 08:15
701
Бөлісу:
Бүгін жеті қалада ауа сапасы нашарлайды
Фото: BAQ.KZ архив

29 қаңтарда ел аумағының басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-сына сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжамына сүйенсек, 29 қаңтар, дүйсенбі күні еліміздегі қалалардың басым көпшілігінде метеорологиялық ахуал бірқалыпты болады.

Тек Ақтөбе, Астана, Қарағанды, Теміртау, Петропавл, Өскемен, Риддер қалаларында ғана ауа сапасы біршама нашарлайды.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал

Өзгелердің жаңалығы