Бүгін жауын-шашынсыз ауа райы сақталады

20 Қыркүйек 2022, 08:05
1380
Бөлісу:
Бүгін жауын-шашынсыз ауа райы сақталады

Ел аумағының басым бөлігі әлі де, ауқымды антициклонның ықпалында болады, осыған байланысты жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлады BAQ.KZ.

Синоптиктер болжамынша, атмосфералық фронтталды бөліктердің өтуіне байланысты еліміздің батысында, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында  найзағайлы жаңбыр жауады. ҚР бойынша кей жерлерде жел күшейіп, оңтүстікте, оңтүстік-батыста жел шаңды дауылмен болады.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды облысының оңтүстігінде, Ұлытау, Ақтөбе облыстарының шығысында, Алматы облысының солтүстігінде және орталығында, Абай облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында, Атырау облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қостанай облысының оңтүстігінде, Павлодар облысының орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Түнде Ақмола облысының шығысында, орталығында, Қарағанды облысының солтүстігінде және шығысында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, Абай облысының батысында 1-3 градус үсік сақталады.

Өзгелердің жаңалығы