Бүгін үш қалада ауа нашарлайды

15 Маусым 2024, 08:20
361
Бөлісу:
Бүгін үш қалада ауа нашарлайды
Фото: архив

Бүгін еліміздің үш қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды BAQ.KZ «Қазгидромет»-ке сүйеніп.

2024 жылғы 15 маусымда Ақтөбе, Петропавл, түнде Атырау қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтілуде, - деп жазылған хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Өзгелердің жаңалығы