Бүгін елдің басым бөлігінде күн жаңбырлы болады

10 Қазан 2021, 09:50
1956
Бөлісу:
Бүгін елдің басым бөлігінде күн жаңбырлы болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Антициклон республиканың оңтүстік-батысына және батысына әсер етеді. Сондықтан ол аймақтарда жауын-шашын болмайды.

Қазақстанның қалған аумақтарында фронттардың ықпалымен жауын-шашын жауады. Елдің оңтүстігінде және оңтүстік-шығысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. 

Республиканың солтүстік-шығысында және орталығында жаңбыр жауады. 

Оңтүстік, оңтүстік-шығыста және солтүстікте жел күшейеді, оңтүстік-шығыста бұршақ жауады. Еліміздің солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, оңтүстігінде және батысында тұман түседі. 

Жамбыл облысының оңтүстік-шығысында және таулы аудандарында бұршақ жауады, солтүстік-шығысында және таулы аудандарда – тұман, оңтүстік-батысында және таулы аудандарда - жел екпіні 25 м/с дейін күшейеді.

Түркістан облысының таулы аудандарында тұман түседі, жел қарқыны - 15-20 м/с. Күндіз Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында секундына 15-20 метр жылдамдықпен күшті жел соғады. 

Алматы облысының Алакөл ауданында желдің күші 15-20 м/с жетеді. Түнде және таңертең Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман түседі. Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, түнде Павлодар облысының солтүстігінде, орталығында тұман түседі.



Өзгелердің жаңалығы