Бүгін Тоқаев коронавирусқа қарсы күрес бойынша кеңес өткізеді

19 Шілде 2021, 09:25
2999
Бөлісу:
Бүгін Тоқаев коронавирусқа қарсы күрес бойынша кеңес өткізеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал жөнінде жұмыс кеңесін өткізеді.

Жиынға Премьер-Министр, ведомстволардың басшылары, қалалар мен облыстардың әкімдері қатысады.

Мемлекет басшысы коронавирус індетіне қарсы күрес жөніндегі шаралар туралы Үкіметтің есебін тыңдайды. Кеңес барысында өңірлердегі жалпы жағдайды жақсартуға және Қазақстан азаматтарының денсаулығын сақтауға бағытталған үйлесімді іс-қимылдар жоспары қабылданбақ.


Өзгелердің жаңалығы